Қырғыз-тәжік шекарасында қайтадан атыс басталды

Қырғыз-тәжік шекарасында қайтадан атыс басталды. Бұл туралы Қырғызстанның БАҚ өкілдері елдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

24kg-дің ((24 кей джи)) мәліметінше, Баткен облысындағы Арқа елді мекенінде тәжік әскерилері тұрғын үйлерге оқ атқан. Салдарынан азаматтар зардап шегіп, эвакуцияланған.

Бұған дейін тараптар даулы мәселелердің бәрін келіссөздер арқылы шешуге келісіп, бірлескен мәлімдемеге қол қойған еді. Қырғызстанда 1-2 мамыр қаралы күн деп жарияланды. Бұл күндері ел аумағындағы және шетелдердегі дипломатиялық және консулдық мекемелерде Қырғызстанның мемлекеттік туы төмен түсіріледі.

Ұлықбек Марипов, Қырғызстан премьер-министрі:

- Біздің тарап атысты тоқтату, конструктивті келіссөздер жүргізуді жалғастыру және екі елдің шекарасындағы жағдайды тезірек реттеуге бағытталған шараларды жүзеге асыру бойынша қол жеткізілген келісімдерді оң бағалайды.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы қақтығыс сәуірдің 28-інде Головной су тарату орталығында басталды. Соның кесірінен 31 адам қаза тауып, 163 кісі жарақат алды. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпарға сәйкес, 27 мың адам эвакуацияланған.

Ал «Азия Плюс» тәжік басылымының дерегі бойынша Тәжікстан тарапынан 90 азамат жарақаттанып, шамамен он кісі опат болыпты.

Сондай-ақ...