АҚШ-та үйге ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

АҚШ-тағы Миссисипи штатында шағын азаматтық ұшақ тұрғын үйге құлады.

Оқиға салдарынан кем дегенде екі адам қаза тапқан.

Хаттибург қаласы полициясының өкілі Райан Мурдың айтуынша, тәртіп сақшыларына әуе апаты туралы сейсенбіде жергілікті уақыт бойынша 23:20-да хабарланған.