И.Маск әзілі үшін 20,5 млрд долларынан айырылды

Илон Маск бір мәлімдемесі үшін 20 миллиард 500 миллион долларынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны америкалық телеарналардың біріне шоуға шақырған. Әңгіме барысында кәсіпкер криптовалюталарға қатысты теріс пікір айтып әзілдеген. Салдарынан оған тиесілі Тесла компаниясының акциялары бір апта ішінде 15 процентке арзандап, Маск 20 миллиард 500 миллион доллар жоғалтқан. Дегенмен ол әлі күнге дейін әлемнің ең бай адамдарының үштігіне кіреді. Кәсіпкердің әзілінен кейін биткоин бағасы да 17 процентке құлдыраған.

Сондай-ақ...