Қытайдың екі аймағында коронавирус тіркелді

Қытайдың шығысындағы Аньхой мен Ляонин аймағында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дертке шалдыққан 15 адамның ішінде ауру нышаны байқалмағаны да бар. Жергілікті билік вирус жұқтыру оқиғаларының бір-бірімен байланысты екенін айтады. Вирус тіркелген аудандарда тұрғындарды жаппай тестілеу басталды. Қазір Қытайда коронавирустан 300 адам емделіп жатыр. Бейжіңде екі адам дертке шалдыққан.