ЕО «бірыңғай вакциналау куәлігін» бекітті

Еуроодақ аумағына Еуропаның Дәрі-дәрмек агенттігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен вакцинаны салдырған адамдар кіре алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақұлданған тізімге Pfizer, Moderna, AstraZeneca, Johnson & Johnson және Sinopharm екпелері енгізілген. Препарат «кәрі құрлық» аумағына кіргенге дейін 14 күн бұрын салынуы тиіс. Сондай-ақ Еурокомиссияның ұсынысынан кейін ЕуроОдақ кеңесі мен Еуропарламент «вакциналаудың бірыңғай куәлігін» бекітті. «Цифрлық жасыл төлқұжатта» ковидпен байланысты барлық мәліметтер көрсетіледі. Яғни, адамның аурулар тарихы, ПТР-тестілерінің нәтижесі және вакциналау туралы ақпарат енгізілмек. Аталған куәлік 1 шілдеден бастап талап етіледі.

Бұдан басқа, Еуроодаққа мүше әрбір ел «еуропалық бірыңғай куәлігі» жоқ шетел азаматын елге кіргізу мәселесін жеке қарастыра алады.

Сондай-ақ...