Берлин тұрғындары пәтер жалдау ақысының қымбаттауына наразы

Берлиннің қақ ортасында тұрғындар наразылық шеруін өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Германия астасындағы пәтер жалдау ақысының қымбаттауына қарсы. Полицияның айтуынша, ереуілге мың жарым адам келген. Бірақ ұйымдастырушылар наразы топтың қатарына 10 мыңға дейін тұрғын қосылуы мүмкін екенін айтады. Себебі баспананы жалдау бағасының өсуі көпшіліктің ашу-ызасы мен қарсылығын тудырып отыр.

Жалпы ел бойынша 83 миллион халықтың жартысы үй жалдап тұрады.

Детлеф Баар, ереуілші:

– Әрине, бірінші кезекте пәтерді жалдау ақысының төмен болғаны керек. Бұдан басқа, жаңа үйлер салынуы тиіс. Себебі Берлинде халық саны өсіп жатыр. Негізі мемлекет тарапынан әлеуметтік баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасын бастау қажет.

Елфриде Стаус, ереуілші:

– Шеруге қосылдым, себебі баспананың нарықтағы алып-сатарлардың халықты тонау құралына айналғанын қаламаймын. Тұрғын үй – әлеуметтік құқық, оны үнемі қорғап, қолдап отыру керек.