Әлемнің алпауыт әуе компаниялары Беларусь әуе кеңістігінен бас тартып жатыр

Минсктегі оқиғаға байланысты әлемнің алпауыт әуе компаниялары Беларусь әуе кеңістігін пайдаланудан бас тартып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, германиялық Lufthansa мен голландиялық KLM-нің ұшақтары Беларусь арқылы уақытша ұшпайтын болды. Бұл туралы Блумберг ақпарат агенттігі хабарлайды. Бұған дейін Латвияның АirBaltic, Венгрияның Wizz Air, Польшаның LOT, Швецияның «Скандинавия әуе жолдары» компаниялары Беларусь аспанымен ұшуды тоқтатқан еді. Ал Беларусьтің «Белавиа» әуе компаниясының ұшақтарына Ұлыбритания, Франция, Литва әуежайларына қонуға тыйым салынды. Енді бұлардың қатарына Украина да қосылмақшы.