АҚШ-та 17 күнін шөлде өткізген ер адам аман қалды

АҚШ-та ер адам 17 күнін Орегон штатындағы шөлде өткізіп, аман қалды.

Бұл туралы ABC News хабарлайды.

69 жастағы Гарри Берли 6 мамыр күні балық аулауға аттанып, сол күйі үйіне оралмаған. Ал оның көлігі 8 мамыр күні табылды. Құтқарушылар американдықтың ізімен жүріп отырған. 23 мамыр күні ер адам өзі қолдан жасап паналап жүрген үйшіктен табылды.  

Жергілікті билік мәліметінше, оның денсаулығы қалыпты, тек жүрген кезде аяғы ауыратын көрінеді.

Берли тікұшақпен ауруханаға жеткізіліп, толық тексерістен өткен. Қазір ол ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ...