Малиде әскери төңкеріс басшысы өзін президент деп жариялады

Малиде 9 ай бұрын жасалған әскери төңкерісті басқарған полковник Ассими Гойта өзін президент етіп жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы аптаның басында былтырғы төңкерістен кейін тағайындалған экс-президент пен премьер-министр қамауға алынған болатын. Өзін мемлекет басшысы деп жариялаған Гойта оларды бостандыққа жіберді. Осылайша сарапшылар ел билігінде екінші рет төңкеріс болды деп бағалап отыр. Гойта 2022 жылы жаңа президент сайлауын өткізуге уәде берді.

Жозеп Боррель, ЕО дипломатиясының басшысы:

– Малидегі биліктің бейбіт жолмен ауысуын қолдауға мәжбүрміз. Біз осыған тоқтадық. Қазір қауіп-қатер біраз сейілген сияқты. Бірақ елдегі жағдай әлі де тұрақсыз.

Сондай-ақ...