Ұлыбританияда бір тәулікте коронавирустан көз жұмған адам тіркелмеді

Ұлыбританияда пандемия басталғалы коронавирус індетінен бір тәулік ішінде бірде-бір адам көз жұмған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Десе де, вирус жұқтырғандардың қатары өткен күндермен салыстырғанда артып отыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 24 сағаттың ішінде 3 мыңнан астам адамға ковид диагнозы қойылған екен. Бұған қарамастан Біріккен Корольдік маусымның 21-інен бастап елде карантин шараларын жеңілдетпек ниетте. Премьер-министр Борис Джонсонның пікірнше, елде үндістандық штамның анықталғанына қарамастан жеңілдетулерді кейінге шегерудің қажеті жоқ. Айтуынша, аймақтағы бір ізге қойылған вакцинация науқаны арқасында халық бұрынғы өміріне оралуы тиіс.