Австралияда ковид жұқтырудың бір аптадағы жоғары көрсеткіші тіркелді

Австралияның Виктория штатында 11 адам коронавирус жұқтырды. Осыған байланысты билік дабыл қағып жатыр. Бұл бір аптада тіркелген ең жоғары көрсеткіш болып тұр. 

Мамандардың мәлімдеуінше, індеттің өршуіне «Дельта» деген жаңа атауға ие болған үнді штамының кеңінен таралуы себеп. Енді тұрғындар 10 маусымда аяқталуы тиіс локдаун ұзартылуы мүмкін деп қауіптенеді. Құзырлы органдар «Дельта» штамының Австралия аумағына қалай келгенін әлі анықтай алмай отыр. 

Бретт Саттон, Виктория штатының бас санитар дәрігері:

- Біз індеттің алдын алу үшін қолдан келгенді жасап жатырмыз. Мельбурн метросының бойында адам көп жиналатын 300 орын бар. Осы жерлердің бәрін бақылауда ұстауға тырысып жатырмыз. Бірақ әлі түсіне алмай отырған жағдайлар бар.