Еуроодақ «ковид-құжат» беретін жүйені іске қосады

Еуропалық одақта шілденің 1-інен бастап тұрғындардың коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны жайлы сертификат беретін жалпы еуропалық электрондық жүйе іске қосылады.

Бірақ еуропалық елдер екпе алғаны жайлы ұлттық құжатты осы жүйенің іске қосылғанын күтпей-ақ жүзеге асыра беруіне болады. Бұл туралы Страсбургта Еуропарламенттің пленарлық отырысында Әділет мәселелері жөніндегі еурокомиссар Дидье Рейндерс мәлімдеді. Еурокомиссия осы айдың бас кезінде электрондық сертификатты тексеретін интернет-платформаны іске қосты. Себебі қазірге дейін ковид-құжатты одақтың 7 мемлекеті бере бастаған. Төлқұжат цифрлық түрде немесе қағаз жүзінде беріледі.

Дидье Рейндерс, Әділет мәселелері жөніндегі еурокомиссар:

Еуропалық одақта 1 миллионнан астам адам вакцина салдырғаны жайлы цифрлық құжат алды. Алдағы уақытта олардың саны артады. Еурокомиссия өзге елдермен электрондық жүйенің еуропалық цифрлық сертификаттармен сәйкестігін белгілеу үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Тесттер Еуроодақ азаматтарының шекараны кедергісіз кесіп өтуі үшін қажет. Шарты түсінікті болуы тиіс. Осы жұмыс үшін біз тағы 100 млн еуро бөлеміз.

Сондай-ақ...