Amazon өз қызметкерлеріне аптасына екі рет қашықтан жұмыс істеуге рұқсат берді

Amazon өз қызметкерлері үшін қолайлы жұмыс уақытын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24» habr.com сілтеме жасап.

Енді оларға аптасына екі күн қашықтан жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Бастапқыда компания барлық қызметкерін кеңсеге шақырған.

Компания басшысы қызметкерлерге кеңседе қай күндері жұмыс істейтіндерін нақтылайды.

Ал кеңседе аптасына үш күн жұмыс істегісі келмейтін жұмысшылар өтініш жаза алады. Сонымен қатар кейбір қызметкерлер жылына төрт аптаға дейін қашықтықтан толықтай жұмыс істей алады.