Әлемде әр оныншы бала жұмысқа жегілген

Бүгін дүниежүзі бойынша балалар еңбегіне қарсы күрес күні Халықаралық еңбек ұйымы соңғы 4 жыл ішінде жер бетіндегі жұмысқа жегілген жеткіншектердің саны 160 млн-ға өскендігін айтты.

Халықаралық еңбек ұйымы атаулы күнге орай арнайы баяндама жария етті. Ондағы мәліметтерге сәйкес 5 пен 17 жас аралығындағы 160 миллиондай бала жұмыс істейді екен. 80 миллионы денсаулығына қауіпті өндірісте еңбек етеді. Сарапшылардың айтуынша, пандемияның кесірінен келесі жылдың соңына дейін олардың саны тағы да 10 миллионға артпақ. Тұрмысы нашарлап, мектептер жабылғандықтан, біраз адам балаларын жұмысқа жіберуге мәжбүр.

Генриетта Фор, ЮНЕСКО атқарушы директоры:

– Үкіметтер мен халықаралық даму банктерін балалар еңбегін жоюға арналған бағдарламаларды инвестициялауға шақырып отырмыз. Сондай-ақ, әлеуметтік  қорғау бағдарламаларының ауқымын кеңейту керек.

Бала кезінен жұмыс істейтіндер кейін де кедейлік құрсауында қалады. Өйткені дұрыс білім алмағандықтан өмір бойы табысы төмен еңбекпен айналысады.

Қазір Гватемалада Халықаралық еңбек ұйымымен әріптес компания кофе жинайтын балаларға осы дақылды өңдеу мен одан сусын жасау сырларын үйретіп жатыр.

Мигель Остума Раймундо, Халықаралық еңбек ұйымымен әріптес компанияның өкілі:

Кейбіреулер балаларын мектепке жібермей, егіске салады. Бұл дұрыс емес, оларға оқуға мүмкіндік беріп, бос уақытында қалай жер өңдеп, өсімдіктерді күту керектігін көрсету қажет. Кооператив ретінде жеткіншектерден кофе сапасын бақылайтын және шикізатты өңдейтін мамандар дайындаймыз.

110 миллион бала ауыл шаруашылығында еңбек етеді. 31 миллионы қызмет көрсету саласында, тағы 16 жарым миллионы өнеркәсіпте жұмыс істейді. Сарапшылардың айтуынша, ауыр еңбек балалардың денсаулығы мен жүйкесіне зиян келтіруі әбден мүмкін. .

Снх Чхум Кимсик, оқушы:

Күн сайын таңғы бесте тұрып, мектепке барамын. Жолыма бір сағат кетеді. Оқудан кейін әкеме көмектесем, ау тастап, балық тазалаймын. Үйге оралғаннан кейін балықты сатуға дайындаймыз, сабақ оқуға сәл ғана уақытым қалады.

Балалар еңбегіне қарсы күрес шарасы ретінде БҰҰ ересектерге лайықты жұмыс орындарын құруға шақырады. Сонда ата-аналары қосымша табыс үшін балаларын жұмысқа салмайтын болады. Сарапшылар 2025 жылға дейін балалар еңбегін толық жою мақсатына жете алмайтынын мойындап отыр. Дегенмен осы жолдан таймай, балаларды әлеуметтік жағынан қорғау және сапалы білім беру жүйесін қаржылдандыруды арттыра беруді мақсат тұтып отыр.