АҚШ-та жол апатынан он адам мерт болды

АҚШ-тың Алабама штатында ойран салған дауыл кезінде жол апатынан 10 адам қаза тапты.

Мерт болғандар – 17 жасқа толмаған бір қыз бала мен 29 жастағы бір ер адам. Белгілі болғандай, марқұмдар отырған автобус тас жолда бірнеше көлікпен соқтығысып қалған. Алдын ала болжам бойынша қайғылы оқиғаға ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

Айта кетейік, қазір АҚШ-тың бірқатар штатында Клодетт тропикалық дауылы мінез көрсетуде. Табиғат апатынан бірнеше қала зардап шекті. Ондаған үй қирап, талдар мен бағаналар құлап жатыр. Кей өңірлерде жауын жауып, елді мекендерді су басқан.