Мексикадағы шабуыл: жиырмаға жуық адам құрбан болды

Мексиканың АҚШ шекарасына жақын орналасқан Рейноса қаласында қарулы адамдар кем дегенде 15 адамды өлтіріп кетті, деп хабарлады DW.

Жол талғамайтын көліктерге мінген содырлар қаланың әртүрлі аудандарында 14 адамды атып тастады. Шекара көпірінде полицияға жасалған шабуылдан тағы бір адам қаза тапты.

Сонымен бірге, жергілікті ақпарат құралдары 18 адамның қаза тапқаны туралы хабарлауда.

Шабуылдың не себепті жасалғаны әлі белгісіз.