Коронавирус қайдан шыққан?

Қытай коронавирустың қайдан шықанын зерттеуге кедергі жасаса, оқшауланып қалуы мүмкін.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан осылай дейді. Оның айтуынша, Ақ үй басшысы Джо Байден COVID-19-дың қалай пайда болғанын зерттеуге Үлкен жетілік елдерін түгел жұмылдырмақ. Ал ресми Бейжің болса, бұл Қытайға жасалған қысым екенін әрі халықаралық норма бойынша құқық бұзушылық екенін алға тартып отыр.