Австралияда коронавирус жұқтырудың тәуліктік рекорды тіркелді

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында коронавирус жұқтыру бойынша тәуліктік рекорд тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

24 сағатта 30-дан астам адамнан қауіпті инфекция анықталған. Індеттің алдын алу мақсатында штат астанасы Сиднейде екі апталық локдаун жарияланды. Себебі өңірде «Дельта» штамын жұқтыру дерегі арта бастаған. Жергілікті тұрғындар қауіпті инфекцияға қарсы екпе салдыру үшін вакциналау орталықтарына ағылып жатыр. Нәтижесінде ұзын-сонар кезек пайда болған. Осы уақытқа дейін Австралия халқының тек 8%-і ғана вакцина салдырған.