Техаста океанариумда болған атыстан екі адам қаза тапты

Американың Техас штатындағы Хьюстон қаласында океанариумда атыс болды.

Салдарынан екі адам қаза тапты. Бір адам жарақат алды, деп хабарлады ABC.

Оқиға орнынан екі ер адамның мәйіті табылды, олардың бірі атыс шығарған адам болып шықты. Жараланған әйел ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Жанжалдың себебі хабарланған жоқ.

Сондай-ақ...