Джефф Безостың байлығы $10,6 млрд-қа көбейді

Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безостың байлығы шамамен 11 миллиард долларға көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 5 шілдеде бас директорлықтан кетіп, бұл лауазымға бұлтты қызмет басшысы келген болатын. Осыдан кейін «Амазонның» акциясы күрт өскен. Бұл туралы Forbes журналы хабарлады. Қазір Безостың жалпы дәулеті 212 миллиард доллардан асып отыр.