iPhone 13 шығатын күні белгілі болды

Apple 2021 жылы смартфондарының келесі буынын шығару үшін әдеттегі кестеге оралады.

Бұл туралы танымал желі ақпаратшысы LeaksApplePro твиттерде компанияға сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, iPhone 13 тұсаукесері 14 қыркүйекке жоспарланған, смартфонға алдын ала тапсырыс 17 қыркүйекте ашылады, ал кейбір елдерде сатылымның басталуы 24 қыркүйекте деп мәлімдеді.

Бұған дейін, 22 маусымда жаңа iPhone 13 Pro смартфонының сыртқы дизайнымен бейнематериал жарияланған болатын.