АҚШ-тың батыс бөлігінде орман өрті өршіді

АҚШ-тың батысында орман өрті дес бермей тұр. Елдің бірнеше штатында лаулаған жалын күн сайын ондаған шақырым жерге тарап, жолындағы елді мекендерді тып-типыл етуде. Жалпы 80-нен астам ірі өрт ошағы тіркелген. Солардың бірі Калифорния штатындағы Алпайн округіндегі өрт. Найзағайдың түсуінен шыққан жалын қазірге дейін 100 шаршы шақырым жерге таралып, ондаған ауылдың тұрғындары эвакуацияланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Тілсіз жаумен 1 мыңнан аса өрт сөндіруші күресіп жатыр. 

Трейси Леклер, өрт сөндіру қызметінің өкілі:

- Аптап ыстық пен желдің тұруы өртті сөндіруге кедергі келтіріп жатыр. Әдетте аймақта мұндай ауа райы ұзаққа созылмайтын. Салдарынан өңірде орман өрті жиіледі.  

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ-тың батыс штаттарындағы орман өртінің түтіні шығыстағы аймақтарға жеткен. Көк түтін 4 мың шақырымдай жердегі Нью-Йорк қаласы мен тағы бірнеше шаһарда сезіле бастаған. Жергілікті тұрғындар мұндай жағдай екінші жыл қатарынан қайталанып тұрғанын айтады.

Сондай-ақ...