Солтүстік Ирландияда аттракцион құлады

Солтүстік Ирландия астанасындағы саябақтардың бірінде аттракцион құлап, адамдар жарақат алды.

Оқиға сенбі күні Каррикфергустағы Planet Fun ойын-сауық саябағында болған. StarFlyer аттракционында ақау болып, соның салдарынан механизм жүйеден шығып, аттракцион адамдарға құлады.

Апат салдарынан алты адам зардап шекті, олардың кем дегенде үшеуі балалар. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп жазды Daily Mail.