Анталияда орман өртімен күрес жалғасып жатыр

Түркияның Анталия провинциясында орман өрті әлі жалғасып жатыр.

Қазір тілсіз жаумен жүздеген маман күресіп, тікұшақ пен ұшақтар жұмылдырылған. Ал осы елдің орман және ауыл шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирлидің мәлімдеуінше, осы аптада елдің оңтүстік бөлігінде 30-дан астам өрт ошағы тіркелген. Қазірге дейін Анталия аймағындағы 18 және оған көрші Адана мен Мерсин провинциясының 16 ауылының халқы қауіпсіз жерге көшірілген. Манавгат қаласы ауруханасындағы науқастар да басқа орынға ауысытырылды.

Еске сала кетейік, сәрсенбі күні Түркияның курорттық Анталия провинциясында өрт шығып, жалын Манавгат қаласына жетті. Табиғат апатынан 4 адам қаза тапты. 200-ге жуық аса тұрғын жарақат алды. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Оған өңірде соңғы уақыттағы апатап ыстық себеп болу мүмкін деген болжам бар. Тергеу жүріп жатыр.