Калифорнияда тікұшақ апатынан төрт адам қаза тапты

АҚШ-тың Калифорния штатында жекеменшік тікұшақ апатқа ұшырады.

Салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлады CBS13.

Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкері апат орнынан төрт адамның мәйітін тапты. Тергеу амалдары жүргізілуде.