Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы дуалдың 90%-і салынды

Пәкістан қолбасшылығы Ауғанстанмен арадағы шекара бойында салынып жатқан дуалдың 90%-і аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоршауды тұрғызу ісі 2017 жылы қолға алынған. Жоспар бойынша, темір шарбақтың жалпы ұзындығы 2611 шақырымға жетіп, биіктігі 4 метрдей болмақ. Қауіпсіздік дуалы Ауғанстандағы лаңкестік топтардан қорғану үшін салынып жатыр. Сондай-ақ қоршау бойына бейнекамералар орнатылған.

Ахмед Фарид Киани, әскери округ қолбасшысы:

- Дуалдың қалған бөлігі биылғы жаздың аяғына қарай салынып бітеді. Мүмкіндігінше уақытты әрі қарай созуға болмайды. Әйтпесе, күзде күн суытып, дуалды салу жұмысы қиындайды.