Германияда пойыз жүргізушілері шеруге шықты

Осыған байланысты бүкіл ел бойынша жолаушы және жүк тасымалында кедергілер туындатып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Deutsche Bahn концерні алысқа қатынайтын пойыздардың 70 проценттен астамын тоқтатуға мәжбүр болған. Ереуілшілер теміржол компаниясынан жалақы көлемін арттыруды және 600 еуро көлемінде бір реттік сыйақы төлеуді сұраған. Бірақ теміржол компаниясы бұл талаптарға келіспей отыр.

Ахим Штаус, Deutsche Bahn концернінің өкілі:

– Біз ереуілші топтың жетекшілерін келіссөзге шақырып отырмыз. Себебі індеттен кейін сапарға шығатын адамдардың саны еселеп артпақ. Пойызбен жұмысқа қатынайтындар да жетіп-артылады. Сондықтан шеру ұйымдастыруды құптамаймыз. Одан да келісейік.