Ауғанстанның әскери ұшағын Өзбекстан атып түсірген

Ауғанстанның әскери ұшағын Өзбекстанның әуе шабуылына қарсы жүйесі атып түсірген. Бұл туралы «Хабар 24» өзбек елінің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, кеше кешкісін Өзбекстанның оңтүстігіндегі Сурхандария облысында, ауған шекарасына жақын жерде ауған әскерінің ұшағы апатқа ұшыраған еді. Әлеуметтік желіде тараған бейнематериалдан бір адамның зардап шеккенін көруге болады. Өз кезегінде «Газета.uz» басылымы Ауғанстанның екі сарбазы Термез ауруханасына жеткізілгенін хабарлады.