«Талибан»: 31 тамызға дейін АҚШ әскері ауған жерінен кетуі керек

АҚШ 31 тамызға дейін өз әскерін ауған жерінен әкетіп үлгеруі керек.

Sky News телеарнасына сұхбат берген «Талибан» өкілі осылай деп мәлімдеді.  Оның айтуынша, егер Америка Құрама Штаттары немесе Ұлыбритания эвакуацияны жалғастыруға тағы уақыт сұраса, оған «жоқ» деп жауап беріледі. «Әйтпесе, мұның салдары болады», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Америка президенті түрлі қиындықтарға қарамастан, ай соңына дейін АҚШ әскері мен азаматтарды эвакуациялау ісі толық аяқталатынын жеткізген еді. Кейін Ақ үй басшысы бұл мерзім ұзартылуы мүмкін деген болатын. Енді осы мәселе ертең Үлкен жетіліктің онлайн саммитінде талқыланбақ. Байденнің айтуынша, тамыздың ортасынан бері АҚШ ауған жерінен шамамен 28 мың адамды алып шыққан.