Солтүстік Калифорнияда орман өртінен 600-ге жуық нысан күлге айналды

Солтүстік Калифорниядағы орман өрті әлі де өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жау 45 мыңнан астам гектар жерді шарпып, 600-ге жуық нысанды күлге айналдырды. Екі адам зардап шекті. Аймақта қауіп күшейгендіктен, осының алдында 24 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Айта кетейін, Калифорнияда орман өрті әдетте жаздың соңы мен күз кезінде басталатын. Биыл шілдеде өршіген.

Сондай-ақ...