Ыстықкөлді жүзіп өтіп, рекорд орнатты

Қырғызстандық Владислав Шулико Ыстықкөлді ұзынынан жүзіп өтіп рекорд орнатты.

Қашықтық – 181 шақырым. Оны алты күнде еңсерген. Тек қол күшін пайдаланды, ескек, қалақ секілді құралдарды қолдануға тыйым салынған. Владислав 22 тамызда Қаркөлден жүзіп шығып, бүгін түсте Балықшы қаласына жетті. Қауіпсіздік үшін Төтенше жағдай қызметкерлері қайықпен ілесіп отырған.