Испанияда халықтың 70% ковидке қарсы вакцина салғызды

Испанияда коронавирусқа қарсы халықтың 70 проценті толық вакциналанды. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Педро Санчес твиттердегі парақшасында мәлімдеді.

Үкімет басшысы бұл індетпен күресте маңызды кезең екенін атап өтіп, елдің Денсаулық сақтау министрлігін жетістікпен құттықтады. Ал ресми мәліметке қарағанда 47 миллион тұрғыны бар Испанияда 40 жастан асқан азаматтардың 90 проценті екпенің екі дозасын салдырған. Ал 12 мен 30 жас аралығындағы жастардың 70 проценті екпенің бірінші дозасын алған.

Каролина Дариас, Испания денсаулық сақтау министрі:

- Елімізде коронавирусқа қарсы 33 миллионнан аса адам толық вакциналанды. Бұл үлкен жетістік. Себебі біз халықтың көп бөлігін қамтып, өзге елдерге үлгі болып жатырмыз.

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында қарттар үйіндегі егде адамдарға вакцинаның үшінші дозасын салу басталды. Шара қыркүйектің 10-ына дейін жалғасып, одан кейін жасы 70-тен асқан өзге қарттарды егу қолға алынбақ. Айта кетейік, Бразилияда халықты вакциналау науқаны қаңтар айында басталған. Қазірге дейін 211 милионнан астам тұрғыны бар елде 55 миллионнан аса адам толық егілген.

Сондай-ақ...