Шри-Ланкада піл дүниеге егіз төл әкелді

Шри-Ланкада 25-тегі Суранги атты піл дүниеге егіз төл әкелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, кішкентай пілдердің екеуі де ұрғашы екен. Қазір аяқ басып қалған, енелерінің жанынан бір елі қалмайды. Шри-Ланкадағы хайуанаттар бағында мұндай жағдай бұған дейін тек 1941 жылы болған екен.

Сондай-ақ...