Боливия астанасында көлік қозғалысы тоқтап қалды

Боливия астанасы Ла-Паста 8 сағатқа көлік қозғалысы тоқтап қалды.

Қала халқы жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер күнін осылайша атап өтті. Бұл мереке жыл сайын қыркүйектің басында тойланады. Осыған орай тұрғындар бірнеше сағатқа көлігін қоя тұрып, көшеде сауық-сайран ұйымдастырады. Жұрт ән салып, би билейді. Велосипедшілер жарыс ұйымдастырады.

Негізі көліксіз күн акциясы 20 жыл бұрын алғаш рет Боливияның өзге ірі қаласы – Кочабамбада ұйымдастырылған. Өйткені ол Латын Америкасында ауасы ең лас шаһарлардың бірі саналады. Мамандардың хабарлауынша, бірнеше сағатқа созылатын осындай шара арқасында ауаға бөлінетін зиянды заттардың мөлшері 2 есе азаяды екен.

Жергілікті тұрғын:

– Меніңше мұндай шараның пайдасы зор. Қала мүлде басқаша болып кетеді. Бәрі өзгереді. Көлік жоқ. Ал біз таза ауамен тыныстай аламыз.

 

Сондай-ақ...