Кабулда Пәкістанның Панджшерді басып алуға көмектесуіне қарсы шеру өтті

Ауғанстан астанасы Кабулда жүздеген адам көшеге шығып, тәліптердің билігіне қарсы наразылық білдірді. Шерушілер Панджшер провинциясында қарсылық танытушы ұлттық майданға қолдау білдіріп, Пәкістанды айыптады. Тәліптер шеруді күштеп таратты. Жергілікті телеарнаның бір тілшісі жарақат алып, оның операторы соққыға жығылған. Өзге жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, тәліптер өткен дүйсенбі күні Панджшер провинциясында Ахмад Масуд бастаған Ұлттық қарсылық майданы күштерін жеңіп, аймақты бақылауына алғанын мәлімдеді. Алайда Масудтың өзі Твиттердегі парақшасында бұл ақпаратты жоққа шығарып, қарсылық жалғасып жатқанын айтты.

- Ауғанстан әрдайым тәуелсіз ел болған. Пәкістанға бұл жерде орын жоқ. Олар біздің мемлекеттің ішкі істеріне араласуны тоқтатып, елден кетуі тиіс.

* Еске сала кетсек, Талибан ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.

Сондай-ақ...