Каирде тұрғын үй құлап, адамдар қайтыс болды

Египет астанасы Каирде тұрғын үй құлап, салдарынан төрт адам көз жұмды.

Үйдің қалған тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды Al Yaum as Sahabi порталы.

Төрт қабатты ғимарат 8 қыркүйек күні кешке Шубра эль-Хейм ауданында құлаған.

Үйдің жарылғанын көрген тұрғындар үйлерін тастап қашқан. Ал ғимаратта қалған адвокаттық кеңсенің иесі мен оның әріптестері қайтыс болған.

Ал ғимараттың жоғары қабатында заң фирмасы орналасып, ондағы компанияның иесі мен оның әріптестері үйінділер астында қалып қойған.

Үйдің қандай себеппен құлағаны әлі белгісіз.