Испанияда екі мыңға жуық адам корридаға тыйым салуды талап етіп отыр

Испанияда 2 мыңға жуық адам ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бұқалар жарысын өткізуге тыйым салуды талап етіп отыр. Жиылған жұрт Мадрид көшелерімен жүріп өткен. Коррида - бұқалардың қатысуымен өтетін Испаниядағы дәстүрлі шоулардың бірі. 2013 жылы Сенат дауыс беру арқылы оны елдің мәдени игілігі ден таныған. Алайда мұнымен жануарларды қорғау ұйымының өкілдері келіспейді. Олар коррида өткізбеуді талап етіп келеді. Тиісті пікірді тұрғындар да қолдады. Былтыр жүргізілген сауалнама нәтижелері көрсеткендей, испандықтардың жартысы бұл дәстүрге мүлде тыйым салған дұрыс деп санайды.

Хосин Вега, ереуіл қатысушысы:

- Біздің пікірімізше, коррида мәдениетімізге жат дүние. Бұл жануарларды қинау. Мұның жақсы ештеңесі де жоқ.

Сондай-ақ...