Пермьдегі атысты университет студенті ұйымдастырған

Пермьдегі университетте оқ жаудырған Тимур Бекмансуров бірінші курста оқыған. Ол ұсталу кезінде алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

«20 қыркүйекте студент Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің аумағында жүріп, айналасындағыларға оқ жаудырды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтылануда. Күдіктінің жеке басы анықталды. Ол ұсталу кезінде қаза тапты», –  деп атап өтті РФ ТК өкілі Светлана Петренко.

Еске сала кетейік, Пермьдегі университетте атыс болып, 8 адам қаза тапты.