Үндістанда шенеуніктермен болған қақтығыстан 8 шаруа көз жұмды

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында қақтығыстан 8 адам көз жұмды.

Жанжалдың шығуына аймаққа осы елдің Ішкі істер министрі мен штат министрі орынбасарының келуі себеп болған. Шеруге шыққан шаруалар аталған шенеуніктер ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерді көзге ілмейді деп наразылық танытқан. Министрді әкеле жатқан көліктердің біреуі ереуілдетіп жүрген 2 шаруаны қағып, өлтірген. Осыдан кейін наразы топ бірнеше көлікті өртеген. Полиция да тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.