АҚШ өз тарихында алғаш рет дефолттың бетін қайтарды

АҚШ-та республикалықтар мен демократтар мемлекеттік қарыздың шегін көтеру туралы келісімге келіп, ел тарихында алғаш рет дефолттың бетін қайтарды.

Шешімге сай тараптар оны 480 миллиард долларға дейін көтеруге уағдаласты. Келісім 3 желтоқсанға дейін күшінде болады.

Конгрессмендердің айтуынша, бұл АҚШ халқын қысқа уақыт аралығында дағдарыстан қорғайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін президент Джо Байден әкімшілігі Конгресстен мемлекеттік қарыз шегін шұғыл көтеруді сұраған еді. Бұлай болмаған жағдайда қазанның 18-і күні елде дефолт жариялануы мүмкін екенін ескерткен. Бірақ республикалықтар демократтардың триллиондаған долларлық әлеуметік-экономикалық бастамаларына қарсы шығып, заң жобасын бекітуден бас тартып келген болатын.

Сондай-ақ...