Ауғанстандағы мешітте жойқын жарылыс болды

Ауғанстанның Құндыз провинциясындағы шиіттер мешітінде жойқын жарылыс болды.

Салдарынан бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды TOLO news.

Дереккөз мәліметінше, оқиға жұма намазы кезінде болған. Қазіргі уақытта оқиға орнында дәрігерлер мен құқық қорғау қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілген.