Австралияда рекордты көлемде героин тәркіленді

Австралия полициясы ел тарихындағы есірткінің ең ірі партиясын тәркіледі.

Салмағы 450 келіге жететін заңсыз жүк қыш плита тиелген контейнерден табылған. Бұл тауар Мельбрун айлағына бара жатқан. Билік тәркіленген героин құнын 140 миллион доллар деп бағалады. Осы қылмыс бойынша Малайзия азаматы қамауға алынды. Кінәсі дәлелденсе, ол өмір-бақи түрмеде отыруы мүмкін.

Крисси Баррет, Австралияның федеральды полиция комиссары:

– Алдын ала ақпарат бойынша, бұл есірткі Малазия жақтан келуі мүмкін. Қазір тергеу жүріп жатыр. Австралияға есірткі тасымалдау көп ақша әкеледі. Сондықтан халықаралық қылмыстық топтар белсенді жұмыс істеу үшін барын салады.