Италияда тас дәуіріндегі өнер туындылары табылған

Италиядағы әйгілі Романелли үңгірінен тас дәуіріндегі өнер туындылары табылған, деп хабарлайды Хабар 24  Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Зерттеушілер бұл өнер туындыларының шамамен 14-11 мың жыл бұрын пайда болғанын анықтады.

Айта кетейік, ғалымдар алғаш рет 1905 жылы үңгірден жартасқа қашап салынған суреттерді тапқан. Алайда Романелли үңірі туралы егжей-тегжейлі зерттеу 2016 жылы басталып, оның барысында археологтар бұрын-соңды байқалмаған бірнеше суретті құжаттар қатарына қосқан. Соңғы табылған туындылар ішінде үстіңгі жағында геометриялық өрнектері бар жұмсақ, ақ материалдар, сондай-ақ құстың суреті де бар. Зерттеушілердің айтуынша, бұл туындылар Италия, Франция, Испания және Әзербайжандағы тасқа қашалған суреттерге өте ұқсас екен.

 

Сондай-ақ...