Байден әкімшілігі түсік жасату туралы заңға тыйым салуды сұрады

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі жоғарғы соттан түсік жасауға шектеу қоятын Техас заңына тыйым салуды сұрады.

Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады.

Естеріңізде болса, 3 қазан күні мыңдаған тұрғын осы заңға қарсылық танытып, көшеге шыққан еді. Наразы қыз-келіншектердің айтуынша, бұл заң тым қатаң әрі әйелдерді конституциялық құқығынан айыратын көрінеді.

Айта кетейік, қыркүйектің бірінде Техаста жүктіліктің шамамен алтыншы аптасынан кейін түсік жасауға тыйым салатын жаңа заң күшіне енді.