Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегерін атып кетті

Жеңіл атлетикадан 200 метрге жүгіруден әлем чемпионатының қола жүлдегері эквадорлық Алекс Киньонеске өз Отаны Гуаякил қаласында шабуыл жасады, деп хабарлайды Хабар 24. Бұл туралы El Comercio жергілікті басылымы жариялады.

Киньонестің өлімі туралы ақпаратты Ұлттық полиция, сондай-ақ Эквадор спорт министрлігі растады. Спортшыға оқ жаудырған қаскөйлер әлі табылған жоқ.

Қылмыскерлер оқиға болған жерден Suzuki маркалы ақ көлікпен кетіп қалғаны белгілі болды. Сондай-ақ олар өздерін полицейлермен шатастыру үшін әдейі шағылысатын киім киген.

Киньонес 100, 200 және 400 метрге жүгіруден Эквадорда рекорд орнатқан. Әлем чемпионатының қола жүлдесінен бөлек, спортшының 2013 жылы Оңтүстік Америка біріншілігінде алған екі алтыны бар.