Көліктен ауыр алып асқабақ әлемдік рекордты жаңартты

Жыл сайын әлемнің әр түрлі жәрмеңкелерінде ең ірі азық-түлік өнімдері бойынша жарыстар өткізіледі, жеңіс тұғырынан көрінгендер Гиннестің рекордтар кітабына енеді.

Салмағы 1226 кг болатын көліктен ауыр асқабақты Тосканадан келген итальяндық Стефано Кутрупи есімді жергілікті тұрғын өсірген. Фермер жеңісті шілде айында алдын-ала болжағанын айтты.

«Салмақ өлшеу кезінде мен экранның артында тұрдым. Менің достарым мен көрермендер салмақты көргенде, олар мені қуанышқа бөледі. Сол кезде дауысымды жоғалтқанша айқайлағаным есімде», – деді Кутрупи Guinnessworldrecords-қа берген сұхбатында.

Мұндай ғажайыпты өсіру өте көп уақытты қажет етеді. Микроклиматты бақылау, суару, азықтандыру және т.б. баппен күтіп қарау керек.

«Бұл асқабақтың мөлшерін көріп, оған қол тигізгенде іштей сезіп тұрдым, қобалжығаннан дірілдеп кеттім. Бұл жаңа әлемдік рекорд болуы керек еді!», – деп әсерімен бөлісті судья Эмануэле Гарофано.