Нью-Йоркте вакцинадан бас тартқан қызметкерлер демалысқа жіберілді

Нью-Йоркте 9 мың муниципалды қызметкер ақысы төленбейтін демалысқа жіберілді. Өйткені олар коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқан.

Бұл азаматтардың дені өрт сөндірушілер екен. Енді соның салдарынан қаладағы 26 өрт сөндіру станциясы қазір жабық тұр.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Нью-Йорк мэрі барлық муниципалды қызметкерді 29 қазанға дейін екпе алуға міндеттейтін жарлыққа қол қойған. Вакцина салдырудан бас тартқан азаматтар ақысы төленбейтін демалысқа жіберілуі тиіс. Негізі қазіргі талап бойынша АҚШ-та қызметкерлер саны 100 адамнан асатын мемлекеттік компаниялардың мамандары екпе қабылдауға міндетті. Алдағы уақытта жекеменшік фирмалардың өкілдеріне де осындай талап қойылуы мүмкін.

Сондай-ақ...