Нигерде мектепте болған өрттен 25 бала көз жұмды

Мектеп ғимараты сабаннан жасалғандықтан, ол тез тұтанған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нигердің Маради аймағында дүйсенбі күні таңертең мектептердің бірінде болған өрт салдарынан бес жастан алты жасқа дейінгі 25 бала көз жұмды. Тағы бірнеше оқушы жарақат алды. Бұл туралы BBC өңірдің мэрі Маради Чайбу Абубакараға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қызыл жалыннан үш сыныптың күл-талқаны шықты.  

Куәгерлердің айтуынша, жарақат алған балалар автокөлікпен ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр екені белгілі. Мектептегі барлық сабақтар тоқтатылды.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз, тергеу жалғасуда.