АҚШ-та ер адам көшеде оқ атты, көз жұмғандар бар

Желі қолданушылары қаскүнем өтіп бара жатқан адамдарға оқ атқанын хабарлады. Салдарынан әкесі мен қызы қайтыс болды.

Американың Оңтүстік Дакота штатындағы Скотланд қаласында атыс салдарынан екі адам қаза тапты ­– олар әкесі мен қызы болып шыққан, тағы үшеуі жарақат алды. Бұл туралы 10 қараша, сәрсенбіге қараған түні жергілікті Dakota News Now басылымы жазды.

Оның айтуынша, оқиға сейсенбі күні кешке болған. Бір жәбірленуші ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қалған екі адам оқиға орнынан өздері кетткен, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Мерген ұсталды. Полиция оның мұндай қадамға неліктен барғанын анықтап жатыр.

Сондай-ақ...