АҚШ Конституциясының көшірмесі аукционда сатылды

АҚШ Конституциясының көшірмесі Сотбис ((Sotheby's)) аукцион үйінде 43 млн долларға сатылды.

Конституцияның бұл данасы 1787 жылы Филадельфия Конвенті негізінде жасалып, Құрлықтық конгресс делегаттарына арналған. Мамандар осы жолы саудаланған конституция ежелде басып шығарылған 13 дананың бірі ғана екенін айтады. Осылайша құжат әлемде ең көне конституциялардың бірі болып саналады.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, одан түскен табыс Дороти Таппер Голдман қорының білім беру бағдарламасына жұмсалмақ.

Сондай-ақ...